Жаңалықтар

Мемлекет басшысының Жолдауын орындау мақсатында және негізгі нарықтарды монополиясыздандыру аясында Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мемлекеттің экономикаға қатысуын қысқарту және бәсекелестік ортаны нығайту жөніндегі бағдарламаларды белсенді іске асыруда. Жағдайды жақсарту үшін айтарлықтай қадамдар жасалуда: бүгінгі таңда тауарлар өндірісінде 46% және қызмет көрсету саласында 54% құрайтын мемлекеттің қатысуы азайып келеді. Бұл бәсекелестік пен жеке […]

Толығырақ

БҚДА күкірт қышқылын сату нарығындағы бәсекелестіктің жағдайын талдауды аяқтады, оның нәтижелері бойынша нарықты дамытуға бағытталған ұсыныстар әзірленді. Бүгінгі таңда Қазақстанда өндірілген күкірт қышқылының 80%-ы уранды байытуға жұмсалады. Сонымен қатар, индустриялық дамыған елдерде күкірт қышқылы минералды тыңайтқыштар өндірісінде, қорғасын аккумуляторларында, кен өңдеуде, мұнай, металл өңдеу, азық-түлік, тоқыма және басқа да өнеркәсіп салаларында кеңінен қолданылады. Сонымен бірге, […]

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық бөлімшелері 2021-2023 жылдарға арналған мұнай өнімдерін сақтау нарығындағы бәсекелестік жағдайына талдау жасады. Мұнай өнімдерін сақтау тұтынушыларға одан әрі өткізу үшін отынды уақытша қайта тиеу мақсатында жүзеге асырылады. Жанармай түрлері бойынша мұнай өнімдерін сақтау шарттарында техникалық және әкімшілік айырмашылықтар бар, сондықтан мұнай өнімдерін сақтау қызметтері нарығы авиациялық отынды […]

Толығырақ

БҚДА жанындағы бәсекелестікті дамытудың аналитикалық зерттеу орталығы Экономикалық шоғырлануды есептеудің тың әдістерін ұсынды. Орталық мамандары UPP (Upward Pricing pressure), GUPPI (Gross Upward pricing pressure Index) және IPR (Illustrative price Rise) сынақтарын қолданысқа енгізді. Бұл  қазақстандық нарықтағы бірігу салдарын талдауға мүмкіндік береді. Біздің елімізде алғаш рет қолданылатын бұл құралдар экономикалық шоғырлану процестерін: бірігу, және компанияларды қайта […]

Толығырақ

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2023 жыл және 2024 жылдың қаңтар – сәуір айларында теміржол көлігімен жүк тасымалдау қызметтері нарығына талдау жүргізді. Нарықты талдау нәтижелері бойынша үлесі 70%-дан асатын «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің жоғары шоғырлануы және үстем жағдайы анықталды. Талдау барысында бәсекелестіктің дамуына кері әсер ететін  кедергілер мен проблемалық мәселелер анықталды. Бұл Ұлттық инфрақұрылым операторының […]

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін және монополистік қызметке қарсы іске асырылған шараларды қамтитын 2023 жылғы жылдық есепті дайындады. Өткен жылы Агенттік 40 тауар нарығына, оның ішінде 16 жоспарлы нарыққа талдау жүргізді. Талдаулардың көпшілігі жоспардан тыс болды және жедел шаралар ретінде жүргізілді.  Нәтижелер нарықтық шоғырланудың жоғары деңгейі сақталатынын, бәсекелестікті дамытудың негізгі проблемасы мемлекеттің экономикаға елеулі қатысуы […]

Толығырақ

БҚДА бұған дейін Google LLC, Google Ireland Limited және Google Commerce Limited ( әрі қарай – Google) компанияларына оның әрекеттерінде үстем жағдайды теріс пайдалану белгілерінің бар екендігі туралы Хабарлама жіберген болатын. Хабарламаны орындау үшін қазіргі уақытта Google компаниясы «Chrome» браузері алғаш рет іске қосылған кезде (автоматты түрде немесе қолмен) таңдау терезесі енгізілген тиісті нұсқасына дейін Android ОЖ базасындағы қолданыстағы […]

Толығырақ