Лауазымы: Директор

Білім:

1998 жылы 9-сыныпты бітіргеннен кейін Жамбыл облысының Тараз қаласындағы Қазақ-түрік есептік-экономикалық колледжіне оқуға түсіп, 2002 жылы «Банк ісі» мамандығы бойынша үздік аяқтаған.

2002-2006 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қолданбалы математика және информатика» мамандығы бойынша оқып, оны үздік бітірген, сол жерде әскери кафедрада оқып, «Запастағы лейтенант» атағын алған.

2018-2019 жылдары Манчестер Университетінде (Ұлыбритания) «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқудан өтіп, «Қаржы экономикасы» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.

Жұмыс тәжірибесі:

2006-2007 жылдары — «Білім сапасын бағалаудың ұлттық орталығы» РМҚК Білім беру сапасын бағалаудағы ақпараттық технологияларды дамыту зертханасының жетекші маманы;

04.2007-08.2007 жылы — «Алтын орда- 2004» ЖШС электромеханигі;

02.2008-02.2008 жылы — «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Экономикалық және қаржылық күйзелістерді ерте анықтау орталығы Макроэкономикалық даму және әлеуметтік сала басқармасының маманы;

02.2008-05.2008 жылы — «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Макроэкономикалық даму және әлеуметтік сала басқармасының сарапшысы;

05.2008-08.2008 — «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Экономикалық математикалық модельдеу департаменті Макроэкономикалық даму және әлеуметтік сала басқармасының аға сарапшысы;

2008-2009 жылдары — «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Экономикалық және қаржылық күйзелістерді ерте анықтау орталығы экономикалық-математикалық модельдеу басқармасының аға сарапшысы;

2009-2011 жылдары — «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Қолданбалы экономикалық-математикалық зерттеу орталығы экономикалық математикалық үлгілеу басқармасының бастығы;

2011-2012 жылдары — «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Қолданбалы экономикалық-математикалық зерттеу орталығы директорының орынбасары;

2012-2013 жылдары — «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Макроэкономикалық және қолданбалы экономикалық-математикалық зерттеулер орталығы директорының орынбасары;

2013- 2014 жылдары — Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаменті директорының орынбасары;

2014-2016 жылдары — Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаменті директорының орынбасары;

2016-2021 жылдары — Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаментінің директоры;

2021-2022 жылдары — Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық талдау және даму департаментінің директоры;

03.2022-05.2022 жылы —  «Алматы» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ кеңесшісі;

2022-2025 жылдары — Алматы қаласы Экономика басқармасының басшысы;

08.09.2025 – осы кезеңге дейін – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің «Бәсекелестіктің дамуын талдамалық зерттеу орталығы» РММ директоры

Сұрақ қою