Адикова Жанар Асылханқызы
Білім:
«Болашақ» Қарағанды университетін «Экономика» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Жұмыс тәжірибесі:
2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде бас маман болып жұмыс істеді.
2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінде түрлі лауазымдарды атқарды, оның ішінде Қостанай облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті департаментінің директоры болды.
2020 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қаржы нарықтары және өзге де салалар департаментінің директоры қызметін атқарды.
2021 жылғы қарашадан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның лауазымды тұлғасы болып тағайындалып, Бәсекелестік саясаты және мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат департаментін басқарды.
2026 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің «Бәсекелестікті дамыту жөніндегі аналитикалық зерттеу орталығы» РММ директоры қызметін атқарады.