Реттеуші мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, 010000, Астана қ., Мәңгілік ел 8 даңғылы, «Министрліктер үйі»,            № 1 кіреберіс, анықтама үшін телефондар: 8 (7172) 74-94-13, электрондық пошта: e.maratov@azrk.gov.kz.

«Бәсекелестіктің дамуын талдамалық зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі директорының функционалдық міндеттері:

Жарғыда көзделген мемлекеттік мекеме басшысының өкілеттіктерін жүзеге асырады; бәсекелестік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру саласында талдамалық, қолданбалы және өзге де зерттеулер жүргізуді үйлестіреді және ұйымдастырады; бәсекелестік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру саласында сараптамалық-талдамалық және консультациялық қызметті жүзеге асырады; бәсекелестік саласындағы ғылыми мақалалар, есептер жарияланымдары мен зерттеу материалдарын шығару бойынша жұмысты үйлестіреді; бәсекелестікті ынталандыру, бизнес-практиканы жақсарту, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының, бәсекелестік саясаттың тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу мен беруді үйлестіреді және ұйымдастырады; мемлекеттік мекеменің халықаралық ынтымақтастығын, халықаралық зерттеу жобаларына қатысуын, шетелдік зерттеу орталықтарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды үйлестіреді және ұйымдастырады; халықаралық зерттеу жобаларына, бәсекелестікті қорғау, реттеу және дамыту саласында мамандандырылған өзге де зерттеу орталықтарымен және ұйымдармен білім және тәжірибе алмасуға қатысады; мемлекеттік мекеменің даму стратегиясын айқындайды; мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарын бекітеді, сондай-ақ оның іске асырылуын бақылайды; енгізілетін реттеуші құралдардың және (немесе) талаптардың бәсекелестікке әсеріне бағалау жүргізуге қатысады; кедергілер жөніндегі кеңестің отырыстарын өткізуді ұйымдастыруға жәрдемдеседі; форум, конференциялар, дөңгелек үстел, кездесулер және бәсекелестікті дамыту саласындағы өзге де іс-шараларды ұйымдастыруды үйлестіреді; өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда мемлекеттік мекеменің атынан өкілдік етеді; зерттеу нәтижелерін тексеру, бөгде ұйымдардың жұмыстарды орындауына шарттар жасасу және ұйымдарға ғылыми-әдістемелік көмек көрсету жұмыстарына басшылық етеді; материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану жөнінде шаралар қабылдайды; ғылыми зерттеулер мен техникалық әзірлемелер жоспарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді; еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару мәселелерін шешеді, көтермелеу шараларын қолданады немесе қызметкерлерге жаза қолданады; ұйым қызметкерлерінің жоғары өнімді жұмысына, зерттеулер мен әзірлемелердің тиімділігін арттыруға жағдайлар жасайды; заңдылықтың, мемлекеттік тәртіптің, еңбек заңнамасының, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі тәртіп пен нормалардың, өндірістік және еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді; белгіленген еңбекке ақы төлеу және материалдық ынталандыру жүйелерін тиімді пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады, еңбекке ақы төлеу қорының үнемді және ұтымды жұмсалуын қамтамасыз етеді; жұмыскерлердің еңбек жағдайларын, сондай-ақ әлеуметтік жағдайларын жақсарту және сауықтыру жөнінде шаралар қабылдайды; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдайды және жұмыскерлердің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтамағаны үшін жауапты болады; өздеріне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған жағдайлар туралы жоғары тұрған басшының және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдардың назарына дереу жеткізеді; жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.

 

Лауазымдық айлықақысы: Еңбек сіңірген жылдарына байланысты 233600-ден                        275719 теңгеге дейін.

Білім деңгейіне қойылатын талаптар:

Мамандықтар бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономикалық мамандықтар (әлеуметтік саладағы және салалардағы экономика / статистика / халықаралық экономикалық қатынастар / экономика және ғылыми зерттеулер мен жобалауды басқару) не құқық (құқықтану / халықаралық құқық / бәсекелестік құқық), не әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика / менеджмент / есеп және аудит / қаржы / маркетинг / әлемдік экономика / мемлекеттік және жергілікті басқару).

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:

Жалпы жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде бір жыл болуы.

Кәсіби білімге қойылатын талаптар:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, бәсекелестікті қорғау мен дамыту мәселелерін және мемлекеттік мекеменің қызметін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер; мемлекеттік органдардың мемлекеттік мекеме қызметіне қатысты шешімдері; бәсекелестікті қорғау және дамыту саласындағы отандық және шетелдік практика; зерттеу жұмыстарын жүргізудің ғылыми әдістері; өзге ұйымдар жүзеге асыратын сабақтас проблемалар бойынша зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелері; ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді жоспарлау және қаржыландыру әдістері; салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және төлеу тәртібі, қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйелері және материалдық ынталандыру нысандары; шарттарды жасасу және орындау тәртібі; экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері; ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптар.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі:

1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтініш;

2) еркін нысанда ресімделген, қол қойылған және жұмыс берушінің мөрімен (ол болған кезде), расталған 3х4 өлшемді фотосуреті бар кандидаттың қызметтік тізімі немесе нотариалды куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі бар түйіндеме;

3) білім туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін білім туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың нотариат куәландырған көшірмелері;

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 19.11.2026 – 27.11.2026

Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Байланыс үшін E-mail:

e.maratov@azrk.gov.kz

Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Әңгімелесуді өткізу күні: 2026 жылғы 2 желтоқсан.

 

Құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін                             7 ЖҰМЫС КҮНІ ішінде ұсынылуы тиіс.

Әңгімелесуді өткізу күні: 2026 жылғы 2 желтоқсан.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2026 жылғы 20 қазандағы № 164-НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғалардағы басқарушылық функцияларды атқарумен байланысты лауазымдарға адамдарды қабылдау және олардың еңбек қызметін өткеру қағидаларының 30-тармағына сәйкес әңгімелесу барысында кандидат конкурстық комиссия отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда жазба жүргізуге арналған техникалық құралдарды пайдалана алады.

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік заңды тұлғалардағы басқарушылық функцияларды атқарумен байланысты лауазымдарға адамдарды қабылдау және олардың еңбек қызметін өткеру қағидаларына

1-қосымша

Нысан

__________________________________

(конкурс өткізу туралы

шешім қабылдаған

реттеуші мемлекеттік

органның атауы)

 

Конкурсқа қатысу туралы өтініш

Мені __________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

__________________________________________________________________________

(мемлекеттік заңды тұлғаның, лауазымның атауы)

мемлекеттік заңды тұлғаларда басқарушылық функцияларды жүзеге асырумен байланысты бос лауазымды атқаруға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 1-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 139-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 89-бабының                    1-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғалардағы басқарушылық функцияларды атқарумен байланысты лауазымдарға адамдарды қабылдау және олардың еңбек қызметін өткеру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, келісемін және оларды атқаруға міндеттенемін.

Менің дербес деректерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан алынатын деректерді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.

Ұсынылған құжаттардың дұрыстығын растаймын және көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы үшін жауапты боламын.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

Мекенжайы:_______________________________________________________________

Байланыс телефондары:____________________________________________________

Электрондық пошта:_______________________________________________________

Жеке сәйкестендіру нөмірі:__________________________________________________

__________________________________________________________________________

(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

20 __ ж. «___» _______________

.